Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының
«Қостанай қаласының №3 Емханасы» КМК
52-22-83 - Call-center
8-778-096-59-58
Біздің міндетіміз – азаматтардың денсаулығын нығайту мақсатында ауруларды алдын алу!
Емхана басшысы кез-келген мәселені шешуге және пациенттің кез-келген сұрақтарға жауап беруге дайын. Бас дәрігердің блогы
Өткiзiлетiн пiкiрталас
Сіз Емханаға жүгiну, көрсетілген медициналық көмектің нәтижесiне, риза қалдыңыз ба?
Иә
Толық көлемде емес
Жоқ
Жауап беру
Нәтижелер
Емхана туралы

Құрылым. 1969 жылдан бастап Қостанай мәуіті-шұға комбинатының аумағында медициналық санитарлық бөлімі ашылды, онда ПИК қызметкерлеріне қызмет көрсету бойынша қабылдау жүргізілді.1976 жылы желтоқсанда емхана Герцен көшесі, 21 мекен-жайындағы 4 қабатты ғимаратқа көшті. 1977 жылдың ақпан айында МСБ №3 қалалық емханасымен біріктірілді.
Бастапқы мемлекеттік тіркеу әділет органдарында-1995 жылғы 29 мамырда. 19.06.2003 жылдан бастап Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облысы Денсаулық сақтау департаментінің «Қостанай қаласының №3 емханасы» мемлекеттік коммуналдық - қазыналық кәсіпорны болып қайта аталды. Заңды тұлғаның Қостанай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік қайта тіркелуі-2008 жылғы 29 қыркүйекте Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай қаласының №3 емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта аталды. Қостанай облысы әкімдігінің 29.12.2011 ж. №595 қаулысына сәйкес «Қостанай қаласының №3 емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2012 жылғы 1 ақпаннан бастап «Қостанай қаласының №3 емханасы»коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта аталды.

Міндеттері:
1. Халыққа медициналық көмектің неғұрлым жоғары сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету.
2. МСАК-тың әлеуметтік бағдарланған моделінің тиімді жүйесін қалыптастыру;
3. Қызмет сапасы мен халықтың қанағаттануы арқылы емхананың басқару және менеджмент жүйесін жетілдіру.
4. Кадрлық стратегияны және ұйымның имиджін қалыптастыру арқылы кадрларды даярлау.
5. Жұмыста озық қатарлы медициналық технологияларды қолдану.
 
Мақсат-Біз медициналық көмекті уақытылы, қолжетімді және сапалы көрсету саласында мемлекеттік саясатты іске асыруда көшбасшы болуға ұмтыламыз.
Медициналық қызметтер нарығында бәсекеге қабілетті кәсіпорын болуға, жоғары білікті мамандарды тарта отырып және заманауи озық медициналық технологияларды пайдалана отырып, пациенттерге жоғары сапалы медициналық қызметтер көрсетуге кепілдік беруге ұмтыламыз.
 
 Біздің жетістіктеріміз
2014 жылы емхананың күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталып, емхана қызметкерлері мен пациенттердің келуіне барлық жағдай жасалған.
Дәрігерлердің кадрлық құрамы айтарлықтай жақсарды, жұмысқа 25 дәрігер, оның ішінде 11 жас маман қабылданды.
Емханада алғаш рет отбасылық дәрігердің тәжірибесі енгізілді. Бүгінде емханада ЖПД-ның 6 учаскесі ашылып, жұмыс істейді.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының Балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра қарау жөніндегі бағдарламаларына және тиімді перинаталдық бағдарламаларға сәйкес балалар мен жүкті әйелдерге тиімді көмек көрсету үшін материалдық-техникалық база сәйкестікке келтірілді.
Алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі жұмыс аяқталды.
Тіркеу орындарының жұмысында жаңғырту жүргізілді және Қарттар мен ҰОС қатысушылары мен жүкті әйелдерге арналған қосымша 2 тіркеу орны ашылды.
Облыстың емдеу мекемелері арасында емхананың рейтингі айтарлықтай өсті.
ЭҚЖЖ бойынша жалпы республикалық ранжирлеу 2013 жылдың қорытындысы бойынша «Қостанай қаласының №3 емханасы» КМК «Сала көшбасшысы – 2013» ұлттық сертификатына ие болды, «Сала көшбасшысы – 2013» медалімен марапатталды, бас дәрігер                           М.М. Ахметов «Қазақстан Даңқы» орденімен марапатталды, марапатталды, бас дәрігері М.М. Ахметов 2014 жылы ҚР ДСМ наминациядағы «Денсаулық сақтаудың үздік менеджері» республикалық байқауында жеңімпаз болып танылды, бас дәрігердің ДЕС жөніндегі орынбасары О.И. Пстыга «Тиімділік үшін» медалімен марапатталды, бас дәрігердің медициналық қызметтер сапасын бақылау жөніндегі орынбасарына Қ.Қ. Аленованың «ҚР Денсаулық сақтау үздігі» атағы берілді, бас бухгалтер М.С. Игісенова ерекшелік белгісімен және «Жыл маманы» сертификатымен марапатталды.

«Қостанай қ. №3 емханасы» КМК бойынша ұйымдастыру құрылымы
Бас дәрігер – Ахметов Манарбек Молдағалиұлы
Бас дәрігердің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары – Шопанова Шынар Қуанышбайқызы
Бас дәрігердің медициналық қызметтер сапасын бақылау жөніндегі орынбасары-Манькевич Марина Геннадьевна
Бас дәрігердің ДЕС жөніндегі орынбасары-Сүлейменова Айдана Жұмасұлтанқызы
Бас дәрігердің ӘШБ жөніндегі орынбасары-Жүсіпов Марат Серікұлы
Инженер-Есенбаев Ермағамбет Әбдіманұлы
Терапия бөлімшесінің меңгерушісі-Бекимова Светлана Жұмабекқызы
Алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшенің меңгерушісі-Сандибекова Айгүл Маратқызы
1 ЖТД бөлімшесінің меңгерушісі - Байбұлова Айкүміс Еркебайқызы
2 ЖТД бөлімшесінің меңгерушісі-Ткачук Ольга Александровна
Рентгенология бөлімшесінің меңгерушісі-Михайлова Елена Васильевна
Мамандандырылған көмек бөлімшесінің меңгерушісі-Сұлтанғазин Сәбит Асқарұлы
Күндізгі стационар меңгерушісі-Трипутень Татьяна Грегорьевна
Гинекологиялық бөлімшесінің меңгерушісі-Қожагилдина Гүлнар Сейдилдайқызы
Зертхана және функционалдық диагностика меңгерушісі- Ығиева Ақтоты Жұмағалиқызы
Көрсетілетін қызмет түрлері

  • Алғашқы медициналық-санитарлық көмек: дәрігерге дейінгі;
  • Ересектерге Акушерлік және гинекология (қосалқы репродуктивтік технологияларды қоса алғанда), инфекциялық аурулар, кардиология, невропатология, оториноларингология, Жалпы терапия, травматология және ортопедия, урология, Жалпы хирургия, наркология, спорттық медицина, эндокринология, офтальмология, нефрология, дерматовенерология, онкология, гастроэнтерология, маммология, стоматология мамандықтар бойынша консультациялық-диагностикалық медициналық көмек;
  • Медициналық реабилитология: физиотерапия, емдік дене шынықтыру, массаж;
  • Балаларға Педиатрия, невропатология, оториноларингология, инфекциялық аурулар, Жалпы хирургия, спорттық медицина, стоматология,ортопедия-травмотология,кардиология мамандықтары бойынша консультациялық – диагностикалық медициналық көмек көрсету;
  • Еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы;
  • Сараптамалық медициналық қызмет: Кәсіби жарамдылық (профилактикалық және мерзімді медициналық тексеру);
  • Диагностика: Ультрадыбыстық диагностика, Рентгенологиялық диагностика, Функционалдық диагностика, Эндоскопиялық диагностика;

Зертханалық диагностика: Бактериологиялық зерттеулер, биохимиялық зерттеулер, Жалпы клиникалық зерттеулер, Серологиялық зерттеулер, Цитологиялық зерттеулер.

Тіркеу орындарының жұмысын ұйымдастыру
Тіркеу орны емхананың 1-ші қабатында орналасқан, тіркеу орнының жанында цифрлық көмек бекеті орналасқан, онда DamuMed мобильдік қосымшасының мүмкіндіктері бойынша Тіркеуші пациенттерге дәрігердің қабылдауына жазылу, дәрігерді үйге шақыру және т. б. кеңес береді.
Тіркеу орнының құрамына call-орталық кіреді-онда телефон арқылы тіркеушілер үйге шақыруды қабылдайды, дәрігердің қабылдауына жазады, анықтама қызметтерін көрсетеді. Пациенттерді дәрігердің қабылдауына жазылу, дәрігерді үйге шақыру DamuMed мобильді қосымшасы арқылы, телефон арқылы және сайтқа жүгінген кезде жүзеге асырылады.
Пациент шұғыл жүгінген кезде дәрігерге дейінгі көмек кабинеті жұмыс істейді, онда жедел-диагностика жүргізіледі: артериялық қысымды, қандағы қант деңгейін, холестеринді өлшеу, бұл пациентті жолдама кезегінен босатады.
Сондай-ақ, келушілерге түсініктеме беретін әкімші қызмет көрсетеді.
Әкімші емханаға кіре берісте орналасқан.
Жылжымалы кесте бойынша жазылу уақыты сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін қатаң тәртіпте пациенттерді мамандарға қабылдауды ұйымдастырады. Сенбі күні сағат 9.00 – ден 14.00-ге дейін кезекші терапевт пен кезекші балалар дәрігері қабылдау жүргізеді.
Тіркеу орны бекітілген халық тіркелімін қалыптастырады, тіркеу болмаған жағдайда бекітілген тәртіппен бекіту рәсімін жүргізеді.
Егде жастағы адамдармен, мүгедектермен жұмыс істеу үшін қарттар мен ҰОС қатысушылары үшін тіркеу орнында себебін нақтылайтын және оларға одан әрі қызмет көрсету бойынша шаралар қабылдайтын әлеуметтік қызметкерлер қосымша тартылады. Үнемі мүгедектер арбалары бар.
Тіркеу орны он қалалық телефон нөмірлерімен және төрт ұялы телефон нөмірлерімен жабдықталған, олар емхана жұмысы кезінде үздіксіз байланысты қамтамасыз етеді. Науқас қабылдауға өзі, телефон арқылы немесе учаскелік медбике арқылы жазыла алады.
Дәрігерді үйге шақыру күн сайын сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін белгілі бір көрсеткіштер бойынша жүргізіледі, ол пациенттің төлқұжат деректерін, тұрғылықты жерін, байланыс телефонын көрсете отырып, журналда тіркеледі.

Кері қоңырауға тапсырыс беру
Құрметті пациенттер! Егер Сіз Қостанай қаласының №3 емханасына тіркелген болсаңыз және біздің телефондарыңызға байланыса алмадыңыз , Сіздің деректеріңізді толтырыңыз және бізге жіберіңіз, Біз Сізге тек қана жұмыс уақытында қоңырау шаламыз !
Жіберу
Дәрігерді үйге шақыру
Құрметті пациенттер! Егер Сіз Қостанай қаласының №3 емханасына тіркелген болсаңыз және емханада қабылдауыңызға денсаулық жағдайыңыз келмесе, Сіз біздің сайт арқылы мына нысанды толтырып, дәрігерді үйге шақыра аласыз: ТЕК ҚАНА ЖҰМЫС УҚЫТЫН КӨРСЕТІҢІЗ!
Жіберу
Рецептке тапсырыс беру
«Рецептке тапсырыс беру» қызметі Қостанай қаласының №3 емханасына тіркелген, диспансерлік тіркеуде тұрған, учаскелік дәрігердің тұрақты бақылуында болсаңыз, қолданыстағы нормаларына сәйкес амбулаториялық деңгейде дәрілік заттарды тегін алуға мемлекет беретін кепілдіктің пайдаланушысы болсаңыз – онда Сізге дәрігердің немесе мейірбикенің қабылдауын күтпей, «Рецептке тапсырыс беру» қызметін қолданып, емделуді біздің сайтымызда, он-лайн тәртіптемесінде жалғастыруға болады, ол үшін оң жақтағы кнопканы басып, бірнеше сұрақтарға жауап беруге тиіссіз. Сіздің берілген мәліметтеріңіз расталған жағдайда рецепт жазылып, 1 күн ішінде жіберіледі. Бұрын жазылып берген және емделушіде бар препараттар саны 1 апта ішінде немесе одан да бұрын аяқталуға жақын жағдайда рецепт жазылуы мен берілуі емделушінің өзіне жеке куәлігі көрсетілгенде беріледі.
Жіберу
Порядок прикрепления к МО
Порядок прикрепления граждан к организации первичной
медико-санитарной помощи

1. Прикрепление граждан к организации ПМСП осуществляется по месту постоянного или временного проживания, работы, учебы, с учетом права свободного выбора врача, медицинской организации в пределах одной административно-территориальной единицы, за исключением граждан, проживающих на приграничных территориях, которые по праву свободного выбора медицинской организации прикрепляются в близлежащую организацию ПМСП, расположенную на другой административно-территориальной единице.

2. Гражданин прикрепляется только к одной организации ПМСП.

3. Прикрепление к организации ПМСП осуществляется на основе заявления произвольной формы и документа, удостоверяющего личность (удостоверение личности, паспорт, свидетельство о рождении, иной документ, выданный в установленном законодательством Республики Казахстан порядке), в любое календарное время в соответствии с графиком работы организации ПМСП.

4. Организации ПМСП осуществляют прикрепление при личном обращении граждан.

Допускается прикрепление членов семьи при наличии их письменного согласия одним из членов семьи на основании заявления произвольной формы при предоставлении документов, удостоверяющих личность каждого члена семьи.

5. Прикрепление лиц проводится в организациях ПМСП по их непосредственному или письменному обращению, а также через веб-портал «электронного правительства» при наличии документа, удостоверяющего личность.

Прикрепление лиц, не достигших восемнадцати лет, осуществляется на основании заявления произвольной формы его законных представителей при наличии документа, удостоверяющего личность прикрепляемого лица и его законного представителя.

6. Изменение прикрепления граждан к организациям ПМСП осуществляется:

1) при изменении места постоянного или временного проживания, работы или учебы за пределы одной административно-территориальной единицы;

2) в случаях реорганизации или ликвидации организации ПМСП;

3) не чаще одного раза в год при свободном выборе гражданином врача и медицинской организации;

4) в период Кампании, проводимой ежегодно с 15 сентября по 15 ноября по прикреплению населения к организации ПМСП.
Информация