Мамандандырылған медициналық көмек бөлімшесі бекітілген халыққа мамандандырылған консультациялық-диагностикалық, емдеу көмек көрсету бойынша құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлімше емхананың бас дәрігерімен бекітілген кестесіне және жоспарына сәйкес жұмыс істейді.
Бөлімшенің міндетті -жіті және созылмалы ауруы бар амбулаториялық жағдайда бекітілген халыққа мамандандырылған көмек көрсету.
Мамандандырылған көмек бөлімшесі мынадай мамандығы бойынша білікті медициналық көмекті көрсетеді:
- хирургия
- травматология
- урология
- оториноларингология
- офтальмология
- онкология
- эндокринология
- дерматология
- маммология
- кардиология
- стоматология
- гастроэнтерология
- проктология
Хирургиялық бейінің барлық кабинеттерінде қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен және құрал-саймандармен (таңу үстелдер,«Ультра-Лайт» камерлары, диатермокоагуляторлар)жабдықталған таңу бөлмелері бар.
Хирургиялық және травматологиялық кабинеттерінде емхананың амбулаториялық қабылдауында және үйде денсаулық жағдайы бойынша және аурудың мінез-құлығына қарай емханаға келеалмайтын науқастарға, сонымен қатар көрсетілімдер бойынша емдеуге жатқызу мәселесін шешуге білікті емдеу-диагностикалық көмекті көрсетеді.
Консультациялық-диагностикалық, емдеу іс-шараларды, келісі бейіндер бойынша кіші операциялық араласуларды жүргізеді:
- хирургиялық
- урологиялық
- офтальмологиялық
- травматологиялық
- оториноларингологиялық
Оториноларинолог дәрігердің кабинеті оптоталшықты оптика, цифрлы аудиометро бар лор-комбайнмен жабдықталған.
2014 жылы офтальмологиялық кабинетіне офтальмологиялық комбайн сатып алынды, оның құрамына жарық шамы, рефрактометр,қөздің көргіштігін анықтайтын аппарт, көз ішінің қысымын өлшейтін аппарат кіреді.
2014 жылы алғаш рет емханада стоматолог кабинеті ашылды, ол қазіргі заманғы стоматологиялық қондырғымен жабдықталған.
Бөлімшеде УДЗ 3 аппарат, эндоскопиялық жабдық, бейнеколоноскоп, 12-каналдық электрокардиограф,велоэргометр,реовазограф, ЭКГ холтер, СМАТ, тредмил, РЭГ, спирограф бар.
- Эндоскопиялық кабинетінде эндоскопист дәрігермен өңеш, асқазан және 12-ішектің фиброгастродуоденоскопиясы, эндоскопиялық зерттеулердің барлық түрлерін жүргізеді, эндобейнетіреу эндоскопиялық жабдықпен бірге қосымша сатып алынды.
- 2015 жылдың ақпан айында пациенттердің ыңғайлығына колоноскопия және ректороманоскопия кабинеті ашылған, ол қазіргі заманғы бейнеколоноскоппен және ректроманоскоппен жабдықтылды.
- УДЗ кабинетінде маман дәрігермен құрсақ қуысының, кіші жамбастың, қуықалды, қалқаншы, сүт бездердің,бүйрек,жүрек, мойын тамырларының, сонымен қатар жүкті әйелдер ұрықтың УДЗ зерттеулер жүргізіледі.
2015 жылдың қаңтар айынан жеке оқытылған және жұмыс істейтін маман дәрігері балалар тұрғындарға УДЗ-зерттеулерін жүргізеді.
Функционалдық диагностика кабинетінде жоғары санаттағы дәрігермен ЭКГ, ЭКГ холтер, СМАТ, тредмил, РЭГ, спирография зерттеулері жүргізіледі.
Бөлімшеде мынадай кабинеттер жұмыс істейді:
1. физиотерапевтикалық
2. таңу( 2 кабинет)
3. емшара (лоркабинеттер)
4. ЛФК және массаж.
5. Екпе жасау кабинет, онда арнайы оқытылған мейірбикелер жұмыс істейді..
6. ІЖА
Физиотерапевтикалық кабинетінде қазіргі заманғы жабдықта магнитотерапия, лазеротерапия, небулайзер, физиотерапевтикалық емдеудің, сонымен қатар ЛФК және емдеу массажаның барлық түрлері жүргізіледі.
Бөлімше меңгерушісі– Сәбидин Асқарұлы Сұлтанғазин, жұмыс телефоны-39-12-43, 313 кабинет -3 қабат.
Бөлімшенің аға мейірбикесі- Зәуреш Аяғанқызы Әбдірахманова, 316 кабинет -3 қабат.