Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының
«Қостанай қаласының №3 Емханасы» КМК
52-22-83 - Call-center
8-778-096-59-58
Біздің міндетіміз – азаматтардың денсаулығын нығайту мақсатында ауруларды алдын алу!
Емхана басшысы кез-келген мәселені шешуге және пациенттің кез-келген сұрақтарға жауап беруге дайын. Бас дәрігердің блогы
Өткiзiлетiн пiкiрталас
Сіз Емханаға жүгiну, көрсетілген медициналық көмектің нәтижесiне, риза қалдыңыз ба?
Иә
Толық көлемде емес
Жоқ
Жауап беру
Нәтижелер
Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл бойынша шаралар туралы


Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Бас прокуратура құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп нашақорлық пен есірткі саудасына қарсы іс-қимыл бойынша шаралар кешенін қабылдауда, бұл осы бағыттағы жұмыстардың жандануына және мұндай қылмыстарды анықтау ауқымын арттыруға ықпал етті.

2025 жылғы 6 тамызда Бас прокуратурада есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті.

Кеңеске Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қаржылық мониторинг агенттігінің және Ішкі істер министрлігінің тергеу және жедел бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Заңдылықты, құқық тәртібін және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің шешімдерін орындау нәтижелері талқыланып, нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша қосымша шаралар әзірленді.

«Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде қылмыстық қудалау органдары есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстардың жолын кесу бойынша жұмысты күшейтті.  

Осы саладағы құқық қорғау және арнайы органдардың жұмысының тиімділігіне жаңа бағалаулар енгізілді. Олардың қызметінде ерекше назар есірткі бизнесін ұйымдастырудың бүкіл тізбегін анықтауға және жолын кесуге бағытталған.    

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2025 жылдың 7 айында есірткі құралдарын өткізу фактілерін анықтау 16%-ға (1407-ден 1637-ге дейін) өсті. 

Қоғамның белсенді азаматтық ұстанымының қатысуы есірткіні жарнамалайтын 35 мыңнан астам граффитиді жоюға мүмкіндік берді, 22 есірткі жарнамашысы ізін суытпай ұсталды.

Есірткі сатумен айналысатын 14 қылмыстық топқызметінің жолы кесілді, оның 2-і трансұлттық.

14 тоннадан астам есірткі құралдары тәркіленді, синтетикалық есірткі шығаратын 21 есірткі зертханасы жойылды.

Мысалы, ағымдағы жылдың мамыр айында Алматы облысы Нұра ауылында астыртын есірткі зертханасы жойылып, 8 тонна прекурсорлар мен тұтынуға дайын 100 келіден астам есірткі тәркіленді.

Павлодарда прокурорлар энергияны көп тұтынатын пәтерді анықтады, онда жергілікті тұрғын «каннабис» өсімдігін өсіріп, оны интернет арқылы таратқан.

Жалпы, жыл басынан бері жасырын зертханалар ұйымдастырғаны үшін үш шетелдік азамат ұсталды. 

Есірткі сатушылар пайдаланатын 22 мың крипто әмиян анықталып, 18 миллион АҚШ доллары сомасындағы цифрлық активтер тәркіленді.

Есірткі істері бойынша 10 миллиард теңгенің мүлкі тәркіленді, оның 9 миллиардтан астамы арнайы прокурорлар тергеген істер бойынша.

Ішкі істер министрлігі мен Қаржылық мониторинг агенттігінің арасында жасалған меморандум аясында ел бойынша есірткі бизнесінің көлеңкелі кірісімен күресу үшін тәжірибелі қызметкерлерден құралған ведомствоаралық 50 жедел-тергеу топ құрылды.

Есірткі қылмыстары бойынша бірқатар күрделі қылмыстық істер арнайы прокурорлардың өндірісіне қабылданды.

Кеңестің қорытындысы бойынша қылмыстық қудалау органдарына есірткі зертханаларын анықтау және қылмыстық топтарды бөлу, сондай-ақ есірткі дүкендерін ұйымдастырушылардың қызметін анықтау және жолын кесу бойынша қаржылық тергеуді жандандыру тапсырылды.

Тергеу бөлімшелерінің басшылары сотқа дейінгі тергеп-тексерудің сапасын арттыруға және есірткі бизнесінің бенефициарларын анықтау бойынша барлық шаралар кешенін қабылдауға бағдарланған.  

Бас прокуратура есірткі бизнесіне қарсы жүйелі жұмысты жалғастырып, мемлекеттік органдардың әрекеттерін үйлестіретін болады.
 


Артқа
Кері қоңырауға тапсырыс беру
Құрметті пациенттер! Егер Сіз Қостанай қаласының №3 емханасына тіркелген болсаңыз және біздің телефондарыңызға байланыса алмадыңыз , Сіздің деректеріңізді толтырыңыз және бізге жіберіңіз, Біз Сізге тек қана жұмыс уақытында қоңырау шаламыз !
Жіберу
Дәрігерді үйге шақыру
Құрметті пациенттер! Егер Сіз Қостанай қаласының №3 емханасына тіркелген болсаңыз және емханада қабылдауыңызға денсаулық жағдайыңыз келмесе, Сіз біздің сайт арқылы мына нысанды толтырып, дәрігерді үйге шақыра аласыз: ТЕК ҚАНА ЖҰМЫС УҚЫТЫН КӨРСЕТІҢІЗ!
Жіберу
Рецептке тапсырыс беру
«Рецептке тапсырыс беру» қызметі Қостанай қаласының №3 емханасына тіркелген, диспансерлік тіркеуде тұрған, учаскелік дәрігердің тұрақты бақылуында болсаңыз, қолданыстағы нормаларына сәйкес амбулаториялық деңгейде дәрілік заттарды тегін алуға мемлекет беретін кепілдіктің пайдаланушысы болсаңыз – онда Сізге дәрігердің немесе мейірбикенің қабылдауын күтпей, «Рецептке тапсырыс беру» қызметін қолданып, емделуді біздің сайтымызда, он-лайн тәртіптемесінде жалғастыруға болады, ол үшін оң жақтағы кнопканы басып, бірнеше сұрақтарға жауап беруге тиіссіз. Сіздің берілген мәліметтеріңіз расталған жағдайда рецепт жазылып, 1 күн ішінде жіберіледі. Бұрын жазылып берген және емделушіде бар препараттар саны 1 апта ішінде немесе одан да бұрын аяқталуға жақын жағдайда рецепт жазылуы мен берілуі емделушінің өзіне жеке куәлігі көрсетілгенде беріледі.
Жіберу
Порядок прикрепления к МО
Порядок прикрепления граждан к организации первичной
медико-санитарной помощи

1. Прикрепление граждан к организации ПМСП осуществляется по месту постоянного или временного проживания, работы, учебы, с учетом права свободного выбора врача, медицинской организации в пределах одной административно-территориальной единицы, за исключением граждан, проживающих на приграничных территориях, которые по праву свободного выбора медицинской организации прикрепляются в близлежащую организацию ПМСП, расположенную на другой административно-территориальной единице.

2. Гражданин прикрепляется только к одной организации ПМСП.

3. Прикрепление к организации ПМСП осуществляется на основе заявления произвольной формы и документа, удостоверяющего личность (удостоверение личности, паспорт, свидетельство о рождении, иной документ, выданный в установленном законодательством Республики Казахстан порядке), в любое календарное время в соответствии с графиком работы организации ПМСП.

4. Организации ПМСП осуществляют прикрепление при личном обращении граждан.

Допускается прикрепление членов семьи при наличии их письменного согласия одним из членов семьи на основании заявления произвольной формы при предоставлении документов, удостоверяющих личность каждого члена семьи.

5. Прикрепление лиц проводится в организациях ПМСП по их непосредственному или письменному обращению, а также через веб-портал «электронного правительства» при наличии документа, удостоверяющего личность.

Прикрепление лиц, не достигших восемнадцати лет, осуществляется на основании заявления произвольной формы его законных представителей при наличии документа, удостоверяющего личность прикрепляемого лица и его законного представителя.

6. Изменение прикрепления граждан к организациям ПМСП осуществляется:

1) при изменении места постоянного или временного проживания, работы или учебы за пределы одной административно-территориальной единицы;

2) в случаях реорганизации или ликвидации организации ПМСП;

3) не чаще одного раза в год при свободном выборе гражданином врача и медицинской организации;

4) в период Кампании, проводимой ежегодно с 15 сентября по 15 ноября по прикреплению населения к организации ПМСП.
Информация